Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру, ұятсыздық! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру, ұятсыздық!

Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру, ұятсыздық!

Хайп үшін ғана судан зардап шеккен тұрғындарға көмек беріп, суртке түсіріп жүргендер сынға қалды.

  • 9 Мамыр 2020
  • 808
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Әлия Құдайбергенова жазды, деп хабарлайды Caravan.kz

"Онсыз да мең-зең боп отырған жұртты жылатып, кемсеңдетіп, жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру меніңше, ұятсыздық! Тықақтап, жапа шеккен адамның алқымынан алып: “не айтасыз? Ризасыз ба? Күшті боп жатыр ма, жағдайларыңыз?” деу, арсыздық, жан ауырмастық! Это вам не спектакль, құрметті хайп қуғыштар мен вниманиеге зәрулер! Құдай ақы, олай жасамаңдаршы! Неге осы бізде бәәрін үн-түнсіз, алаулатпай, жалаулатпай жасай салуға болмайды?! Бүгін бірнеше кісімен сөйлестім, үйі суға кеткендерден. Су басып, үйін шайып кеткен қасіретті қоспағанда, мына жаққа келгелі у-шу, абыр-сабыр, жаңағыдай 👆”түсірілімдерден” милары ашып, айтар сөзінен жаңылып қалған. Не болса да болып жатыр… Амал жоқ. Бәрі тезірек бір қалыпқа түссе екен.
Жан-жақтан артынып-тартынып, барын алып барып жатқан ағайынға, адамдарға Құдай еселеп берсін. Жақсы адамдар көп қой. Осындайда жамандар көрінбей қалады, жақсылардың тасасында қалып. Бүгін бір апамның: “ұл-қызыма, ағайын-туысыма айтып, бірігіп, ана адамдардың арасынан бір отбасына үй салып берсек деген ойым бар” дегенін естіп, мейірім дегеннің шексіз екендігіне көзім жетті.
Тек… 👆өтініш, қатты перебор жасап, біреудің көз жасынан, тұралап тұрған тағдырынан кино жасап, өң мен түстің арасында үрейленіп отырған жұрттың эмоциясымен ойнай бермейік. Ол қалай болғанда да жақсы көрінбейді…
Мені “мынау кім сонша?” деп, жат көрмеңіздер, мен сол топырақтың қызымын. Мені жеккөрмеңіздер, айтсам, достығым!", деп жазды ол.
 

Соңғы жаңалықтар