Жұрттың қатты қарсылығына тап болған анайы бейнебаян сайттан әлі алынбаған - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұрттың қатты қарсылығына тап болған анайы бейнебаян сайттан әлі алынбаған

Жұрттың қатты қарсылығына тап болған анайы бейнебаян сайттан әлі алынбаған

Рэпер Шыңғыс Әлкеевтің «Жезөкше» әніне түсірілген бейнебаян ғаламторға үш жылдан аса уақыт бұрын шыққан. Бұған сол кезде-ақ көп адам наразылық білдірді. Өйткені бейнебаянда анайы көріністер ашық көрсетілген. Тіпті біреулер оны таза порно деп атады.

  • 18 Қазан 2016
  • 2134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлап отыр.

Клипке бір қыз түсірілген. Ол пәтерге кіреді де, душқа түсу үшін шешінеді. Одан кейін үйдің ішінде жалаңаш жүре бастайды. Темекі шегіп, шарап ішеді. Ең сорақысы – бір кезде өз-өзімен тояттауға кіріседі. Сөйтіп жатып, ақыры ұйықтап кетеді. Рэптің сөздерінің де түк мағынасы жоқ. «Керек емес маған мүлдем, Жезөкшелерді сүйген. Сезімің таза, тәнің лас. Жиіркенбеймін сенен болсам мас» делінген онда. Бейнебаянды мына жерден көруге болады.


Ескерту: Бұл бейнебаянда ұятсыз және тым ашық көріністер бар! 18+