Жарияланды: 120

"Жүзден аса зорлаған": 62 жастағы мектеп мұғалімі оқушы қызды қорлап келген

"Жүзден аса зорлаған": 62 жастағы мектеп мұғалімі оқушы қызды қорлап келген Сурет - globalsib.com

Өзбекстанның Сұрхандария облысының Алтынсай ауданындағы жергілікті мектептің химия мұғалімі оқушысы оқушы қызды бірнеше жыл бойы зорлап келді деп айыпталып жатыр.

Жәбірленуші қыздың айтуынша, 62 жастағы мұғалім оны 2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін зорлап келген.Бұл туралы centralasian.org жазды. 

"Ағай маған арақ ішкізіп, химиялық зертханаға алып кіріп зорлады. Кейін екі күнде бір не үш күнде бір болып тұрды. Алғаш ол маған 9 класстың басында сексуалдық зорлық көрсетті. Онда олимпиадаға дайындаймын деп мектепте алып қалып, алдап араққа мас қылып зорлады. Кейін бұл жөнінде ешкім білмеуі керек деп ескертіп, болмаса мектептен шығарып жіберемін деп қорқытты", - дейді қыз.

Кейін қыздың анасы қызының қолынан қымбат ұялы телефон және ақша көргенде күдіктене бастаған. "Мен одан тергеп сұрағанымнан кейін барып, телефонды химия пәні мұғалімі бергенін, оған дейін оны зорлап келгенін айтты", - дейді қыздың анасы.

Ол бұл бойынша қызы оқитын мектептің басшылары мен құқық қорғау органдарына шағымданып, сексуалдық зорлық фактісі бойынша медициналық сараптама өткізуді талап еткен.

"Сараптама қызыма сексуалдық зорлық болғанын растады. Дәрігер қызым жүзден аса жыныстық қатынаста болғанын айтты", - дейді анасы.

Оқушы қызды зорлады деп айыпталып жатқан мұғалім биыл мамыр айында арыз жазып, жұмыстан кеткен. Жергілікті құқық қорғау органдары оған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін