«Жүйені тоқтату керек»: дәрігерлер МӘМС кесірінен медицина күйрегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жүйені тоқтату керек»: дәрігерлер МӘМС кесірінен медицина күйрегенін айтты

«Жүйені тоқтату керек»: дәрігерлер МӘМС кесірінен медицина күйрегенін айтты

2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жүйенің медицинаға берген түгі де жоқ.

  • 7 Ақпан
  • 19
Фото: culture.ru

МӘМС кесірінен медицина күйреп, дәрігерлердің жалақысы азайып, мықты мамандар шетелге кетіп жатқанын айтып, дәрігер, медицина саласының сарапшысы Ғабит Нұрханұлы «Atameken business» каналында пікір білдіріп, дабыл қақты.

Дәрігердің сөзінше, бұл жүйеге не халықтың, не медициналық қызметкерлердің көңілі толмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі тоғыз жыл бойы медицинаға ештеңе бермеген. Жұрт ақша аудармаған кезде толық ала алмаған медициналық көмекті ақша аударса да ала алмай келе жатыр.

«Жыры бітпеген МӘМС 2016 да құрылып, 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. 9 жыл бойы медицинаға берген түгі де жоқ. Ешқандай өзгеріс болмады, реформа болмады. 2020 жылдан бері адамдар сақтандыру қорына ақша аударып келеді, сонда да өзгерген ештеңе жоқ. Адамдар ақша аудармаған кезде толық ала алмаған медициналық көмекті ақша аударса да ала алмай келе жатыр. Қарапайым сұрақ: не үшін қорға ақша төленіп жатыр? Жарайды, адамдардан ақша түскен соң мемлекеттен алатын сумма азайған шығар дейсің. Еговтың мәліметінше, 2019 жылы 1 триллион ақша бөлінсе, 2024 жылы 2.8 триллион ақша бөлінген, ал нәтиже нөл. Медициналық қызметкерлердің премия, дифференциалдық төлем дегендердің барлығын қысқартып жатыр, енді еңбек демалыс күндеріне дейін қысқарту жетіп қалды⁠,»- дейді маман.