Жыл басынан бері инфляция 5,6% деңгейінде қалыптасты – Д.Ақышев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері инфляция 5,6% деңгейінде қалыптасты – Д.Ақышев

Жыл басынан бері инфляция 5,6% деңгейінде қалыптасты – Д.Ақышев

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасады. Ол Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының нәтижелері және Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы 2016 жылғы қаңтар – қыркүйек аралығындағы ахуал туралы айтып берді, деп жазады ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

  • 25 Қазан 2016
  • 592
Фото - Caravan.kz

Д.Ақышев хабарлағандай, 2016 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, инфляция 0,2%-дық деңгейде, ал жыл басынан 5,6%-дық деңгейде қалыптасты, бұл дағдарысқа дейінгі кезеңнің көп жылдық мәндеріне сәйкес келеді. «Ұлттық банк алдағы 3-4 айда жылдық инфляция бойынша нысаналы бағдарға қол жеткізуді мүмкін деп санайды», — деп мәлімдеді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, жылдық инфляцияның 8% деңгейге дейін төмендеуі ішкі бағалардың айырбастау бағамының жаңа өлшемдеріне бейімделу процесінің аяқталуын білдіреді. «Сондықтан Ұлттық банктің негізгі басымдығы жылдық инфляцияны белгіленген дәлізде 8% шегінде жылдам тұрақтандыру болып табылады. Онсыз инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру және ұлттық валютадағы ресурстар бойынша мөлшерлемелерді төмендету мүмкін емес», — деп атап өтті Д.Ақышев.

«Тұтастай алғанда, қаржы нарығындағы ахуал тұрақты болып қалуда. Жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің жиынтық несие портфелінің 8,4%-ын (2016 жылғы 1 қаңтарда – 8,0%) құрады. Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың сақталуы жағдайында Ұлттық банк қаржы нарығын реттеудің контрциклдық сипатын ұстанады, банк секторының жағымсыз оқиғаларға орнықтылығын тұрақты бағалауды жүргізеді», — деп қорытындылады Д.Ақышев.



 

Соңғы жаңалықтар