Жарияланды: 670

Жыл басынан бері Павлодар облыстық су қоймаларында 25 адам қаза болды

Жыл басынан бері Павлодар облысындағы су қоймаларында 25 адам қаза болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық судан құтқару қызметінен.

Биылғы жылы су қоймаларындағы қайғылы оқиғалар саны біршама артып отыр. Өткен жылдың осы мерзімінде облыс су қоймаларында 15 адам суға кеткен болатын. Облыстық судан құтқару қызметі өкілдерінің пайымдауынша, суға бату оқиғаларының көбеюіне биылғы жазғы аптап ыстықта суға шомылушылар санының артуы әсер етіп отыр. Тағы бір себеп, ересектердің судағы теріс әрекеттеріне байланысты болмақ. Мәселен, суға батып бара жатқандарды құтқарамын деп жүріп адамдардың өздері құрбандыққа айналу оқиғалары тіркелген. Атап айтсақ, осындай оқиға Екібастұзда болды : досын судан құтқарамын деп жүріп бір жігіт суға кеткен. Павлодар облысындағы құтқарушылар құрамы 53 адамнан тұрады. Олардың иелігінде 2 катер, 4 қайық бар. Алайда, облыстық судан құтқару қызметінің мәліметіне қарағанда, катерлер моторының қуаты төмендігінен су қоймалары мен жағажайларда күзет шараларын ұйымдастру қиындық тудыруда. Мәселен, Павлодардағы орталық жағажай аумағының ұзындығы 2 мың метрді құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть