2011 жылғы маусымда өткен 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 14,5%, мал шаруашылығы өнімі — 6,7%-ға қымбаттады, делінген жұма күні таратылған ақпаратта.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 16,4%, арпаға — 13,8%, сұлыға — 12,8%, қарақұмыққа — 6%, жүгеріге — 5%, қара бидайға — 4,5%, күрішке — 3,2%-ға өсті.
Қырыққабат 27,3%, картоп — 18,2%, асханалық қызылша — 18%, басты пияз — 16,2%, сәбіз — 11,3%-ға қымбаттады.
Баға өсімі күнбағыс тұқымына 11,4%, бұршаққа — 5%-ды құрады. Баға қой етіне 16%, ірі қара мал етіне — 15,2%, жылқы етіне — 8,4%, құс етіне — 3,7%, шошқа етіне — 2,3%-ға өсті.
Шикі сүт 8,9%, жүн — 5,5%, бал — 5,1%-ға қымбаттады, ал жұмыртқа 18,8%-ға арзандады .
І жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 11,3%-ға қымбаттады.