Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,8 трлн теңге жұмсалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,8 трлн теңге жұмсалды

Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,8 трлн теңге жұмсалды

Жалпы қазіргі күні Қазақстанда барлығы 2 млн 391 мың зейнеткер тұрады

  • 21 Шiлде
  • 8
© Sputnik/Ертай Сарбасов

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге», — деп жазды ведомство.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

«Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-не тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ке артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ін құрайды», — дейді министрлік.

Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 105% белгіленеді.