Жарияланды: 80

Жыл таңдауы: Үздіктер анықталды

Жыл таңдауы: Үздіктер анықталды

1 желтоқсан, ҚР тұңғыш Президенті күні Оңтүстік астанада "Жыл таңдауы" Ұлттық музыкалық жүлдесі өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл жолы Ерке Есмахан "Мың бір күн" әні үшін және де "Қайда" бейнебаянының 100 миллион қаралым жинағаны үшін бірден екі статуэткаға ие болды.

Атышулы Ninety One тобы да бірден екі жүлдеге ие болды. Топтың өзі бұл шараға қатыспаса да, топ продюсері Ерболат Беделхан 91 тобы үшін жүлдені алып, өз қуанышын Caravan.kz медиа порталының тілшісімен бөлісті.

"Әрине, мұндай жүлдеге ие болғанымыз үшін өте қуаныштымын. Бұл жыл Ninety One тобы үшін өте ерекше жыл болды, өйткені бұл жолы біз көбінесе әлеуметтік тақырыптарға мән бердік. Көпшіліктің көңілінен шығып, осындай жүлдеге ие болғанымызға қуаныштымын", - деді Ерболат Беделхан.

Ал Q-POP бағытында ән салатын "Mad Men" тобы бұл жолы алғаш рет статуэткаға ие болды.

"Бұл жолы жүлдеге ие болдық. Екі жыл қонақ болсақ, биыл біз де статуэткаға ие болдық. Мүмкін осы жолы еңбектенгендіктен, еңбегімізді бағалаған шығар", -деді топ мүшелері.

Жүлде кезінде әнші Балжан Бидаштың сүйіктісі оған сахнаның алдында үйленуге ұсыныс жасаса, ал продюсер Алуа Қонарова "Шоу бизнеске қосқан үлесі үшін", - марапатына ие болды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін