Жарияланды: 23700

«Жылан бауырын көтерсе ел толқиды»: Қыста жыланның қар бетіне шығуы түрлі ой туғызды (ВИДЕО)

«Жылан бауырын көтерсе ел толқиды»: Қыста жыланның қар бетіне шығуы түрлі ой туғызды (ВИДЕО)

Қыс ортасында қар бетіне шыққан жыланның видеосы қызу талқыға түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде тараған видеоның қайда түсірілгені белгісіз.

«Қайырлы күн баршаңызға. Мына жылан қыста шығып жүр екен. Жылан бауырын көтерсе ел толқиды дегенді естігенім бар еді, бірақ жылан қыста шықса нені білдіретіні жайлы естімеппін. Осы жайлы ой қосар замандас болса айта отырғаны жақсы болар еді», - деп жазды автор.

Видеоны түсірген адам «2022 жыл қаңтардың 3-і , жыланды қара» деп таң қалады.

Мұны көрген көпшілік түрлі болжам айтып жатыр. Біреулер «жыланның қыс ортасында шығуы жақсылық емес, елдегі бүлікті білдірген» десе, енді бірі «жылан ақ баспайды, ақ қардың үстінде жатуы жақсы емес, арты жақсы болсын» деп тіледі. Бірқатар оқырмандар «80 жылдардың басында Алматы көшелерімен жылан көшіп, көп ұзамай Желтоқсан оқиғасы болды» деп еске алады.

Дегенмен басым көпшілігі бұл оқиға жай ғана қыстың жылы болғанын көрсетеді деп топшылады.

Еске салсақ, қаңтардың 3-і күні Жаңаөзенде газ бағасының қымбаттануына наразы болған митингтің соңы елімізде орын алған жаппай шеруге ұласты. Кейін бүлік болып, 225 адам көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәріпсіздік ұйымдастырған, елді арандатқан сырттан келген террористер деп атады. 

 

ВИДЕОhttps://www.facebook.com/100056041410459/videos/293116239519090

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін