Жарияланды: 400

Жылдың соңында «Дарын» сыйлығының иегерлері анықталады

Желтоқсанның ортасында «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері анықталады. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Әсел Қапалова мәлім етті.

Айта кеткен жөн, екі жылда бір рет ҚР Білім және ғылым министрлігі 1-27-сі қазан аралығында «Дарын» жастар сыйлығының конкурсын ұйымдастырып тұрады. Бұған дейін аталған сыйлыққа Олимпиада чемпиондары Бахтияр Артаев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, қоғам қайреткері Бекболат Тілеухан, әнші Ерболат Құдайбергенов, Қыдырәлі Болманов, Нұрлан Өнербаев және тағы басқа танымал тұлғалар ие болған. «Дарын» сыйлығы ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, дизайн, эстрада, классикалық музыка, театр және кино саласындағы жетістіктер үшін тағайындалады», - деп атап көрсетті А.Қапалова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін