Жылқыны жетектеп бара жатқан: СҚО-да 61 жастағы ер адам көлік қағып, қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылқыны жетектеп бара жатқан: СҚО-да 61 жастағы ер адам көлік қағып, қаза болды

Жылқыны жетектеп бара жатқан: СҚО-да 61 жастағы ер адам көлік қағып, қаза болды

СҚО-да жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті. 61 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды.

  • 27 Желтоқсан 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға 25 желтоқсанда сағат 18 шамасында Жезқазған — Петропавл автожолының 840-шақырымында Николаевка ауылының маңында болған. Chevrolet Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жол үстінде шанаға жегілген жылқыны жетектеп кетіп бара жатқан Есіл ауданының 61 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шанаға жегілген жылқыны жетектеп бара жатқан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі мас емес.

Жол-көлік оқиғасы дерегі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Соталды тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажет сараптама тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар