Жылу бағасы ең қымбат өңір анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылу бағасы ең қымбат өңір анықталды

Жылу бағасы ең қымбат өңір анықталды

Шымкент орталық жылу жүйесі мен көмір бағасы үшін ең көп ақша төлейтін өңір болып тіркелді.

  • 19 Қазан 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша газ бен жылу жүйесі бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған, ал көмір мен отын 18 және 9 пайызға қымбаттаған.

"Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы қымбаттады. Бір жылда 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен", — делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 9,3 пайызға қымбаттап, 6 мың теңгеге жеткен.


 

Соңғы жаңалықтар