"Жынымды келтірмеңізші, блин" деген вице-министр жұмысынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жынымды келтірмеңізші, блин" деген вице-министр жұмысынан босатылды

"Жынымды келтірмеңізші, блин" деген вице-министр жұмысынан босатылды

Ақпан айының басында журналисттің тариф бойынша сұрағы ұнамай қалып “жыныма тимеңдерші” деп айтқан ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин 9-сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті.

  • 11 Сәуiр 2019
  • 345
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, — деп жазады Arasha.kz

“С. Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды” делінген хабарламада. Ал Серік Жұманғариннің орнына ұлттық экономика министрі болып Жаслан Мәдиев тағайындалған.

Қайыра айтсақ, Жұманғариннің “жынымды келтірмеңдерші” деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейін ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Жұманғариннің “Мен журналистерге айтқан сөзім үшін қатты өкінемін. Менің журналистерге айтқан сөзімнің дұрыс емес екенін мойындаймын. Сол себепті ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Сондай-ақ мен сол кезде айтқанымдай журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайынмын” деп жазылған кешірім сөзін таратқан еді.