Жыныстық қатынас кезінде түрік жігітті ойлайтын әйел гей туады – имам - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыныстық қатынас кезінде түрік жігітті ойлайтын әйел гей туады – имам

Жыныстық қатынас кезінде түрік жігітті ойлайтын әйел гей туады – имам

Жұма намаз кезінде Ташкенттегі «Мирза Юсуф» мешітінің бас имамы Рахматулло Сайфуддинов түрік сериалдары өзбектердің генофондын бүлдіріп жатыр деп мәлімдеді.

  • 12 Наурыз 2018
  • 811
Фото - Caravan.kz

Кезекті уағызында имам Сайфуддинов «Жыныстық акті кезінде күйеуін емес, түрік сериалдарындағы әдемі актерлерді ойлайтын әйелдерден геи-балалар туады» деп мәлімдеді, stan.kz.

Бұл мәлімдеме жергілікті БАҚ-та түрік сериалдарына қарсы науқан жүріп жатқан кезінде айтылды. Өткен айда ZO’RTV телеарнасы «Қара махаббат» (Kara Sevda) деп аталатын түрік сериалын көрсетуді доғаруға мәжбүр болған.

Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігі жанындағы БАҚ-қа мониторинг жүргізу орталығы аталған сериал ұлт менталитетіне және дәстүріне, отбасылық құндылықтарға қайшы келеді деп шешім қабылдаған.

«Домбиробод» мешітінің бас имамы Шермурад Тогай да әріптесі Рахматулло Сайфуддиновтің пікіріне қосылатынын жеткізген.

«Исламда жыныстық акті кезінде ерлі-зайыпты шайтанауи ойларды ойламағаны дұрыс деген хадис бар», – дейді Шермурад Тогай.


Оқи отырыңыз:

БҰҰ гейлер құқығын қорғайтын бақылаушы тағайындайды

Голливудтың атақты актері өзінің гей екенін мойындады

Қазақ гей өзі сияқтыларды жақтырмайтындарды ауруға теңеді

"Гей екенімді біліп, анам жылап қалды". Қазақстандағы "көгілдірлер" отбасылық кикілжіңге себеп болуда

Соңғы жаңалықтар