Жарияланды: 60

Жыныстық қатынасқа көңілі толмаған ер адам жезөкшені терезеден лақтырып жіберді

Жыныстық қатынасқа көңілі толмаған ер адам жезөкшені терезеден лақтырып жіберді

Жыныстық қатынасқа көңілі толмаған Қырғызстан азаматы мәскеулік жезөкшені терезеден лақтырып жіберген. Одан соң, қайтадан интим-агенттігіне қоңырау шалып, басқа қызды жіберуін сұрайды.

Мәскеуде ер адам пәтерді бір күнге жалдаған. Көңіл көтермекші болған ол, эскорт-қызмет көрсету агенттігіне хабарласып, қара нәсілді жезөкшені қалайтынын айтады, деп жазды sn.kz порталы  360tv.ru-ға сілтеме жасап. 

Алайда, жыныстық қатынастан соң ер адам жезөкшені екі аяғынан ұстап терезеден лақтырып жібереді. Сөйтсе оған көңілі толмаған екен. Қайтадан сол агенттікке қоңырау шалып, ақшасын қайтарып беруді немесе орнына басқа қызды жіберуін өтінеді.

Ал, терезеден лақтырып жіберген жезөкшеге ер адамның өзі жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер дереу келіп, әйелді ауруханаға жеткізеді. Жезөкшенің Нигерияның тумасы екені анықталған. Оның аяқ сүйегі және төрт, бесінші омыртқа жотасы сынған.

Қазіргі кезде осы жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін