"Жынысымды ауыстырам": Хиджаб киген еркек тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жынысымды ауыстырам": Хиджаб киген еркек тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Жынысымды ауыстырам": Хиджаб киген еркек тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Хиджаб киген Ербол есімді жігіт әйелден безіп, жынысын ауыстыруға көмек сұраған болатын.

  • 29 Қыркүйек 2022
  • 1641
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жүре берсең көре бересің. Ерболды кім таниды? Маған түнгі 2-де жазыпты. Айтуынша, бала кезде көрші еркек зорлаған. Соңғы кезде өзі де әйелден безіп, жынысын ауыстыруға көмек сұрапты. 3-4 ай бұрын хиджап кидім дейді. Құдай аясын деп қоя салайын десең Sholpan Tohtarkhan психологқа кеше видео жіберіпті. Алдында жыламсыраған 6-7 жасар ұл бала бар, соны аймалап отыр екен.

Тағы бір психикалық ауытқуы бар науқас қоғамда еркін жүр, яғни, кішкентай ұл-қызымызға тағы қауіп төнді деген сөз. Бәлкім, өзіне көмек қажет бейбақ шығар?  Ербол Алматы маңындағы ауылдан екенін айтқан, ата-анасы бар ма екен? Көрші, туыс, танитындар болса хабарласыңыздар", — деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Бұл постты салғаннан кейін көп ұзамай Гүлмира Әбіқай Әбіқай жігіттің қателесіп, ішінде жын болғанын, оны шығарып, енді үйленгелі жатқаны жайлы айтты.

"Маған Ербол хабарласты, мен ол постты алып тастадым. Өйткені, "алдыңан келсе, атаңның құнын кеш" дейді. Ербол "жаңылдым, бұл бірнеше ай бұрын болған жайт еді, олай жасап отырған, сөйлетіп отырған мен емес, ол ішімдегі жын екен. Соны біліп арнайы имамға барып, ол менің жынымды кетірді. Қазір 5 уақыт намазымды оқимын, сәждеге бас идім, бір Аллаға ғана табынамын. Тіпті өзіме жар таптым сырға тақтық, жақында тойым болады. Сол тойға сізді арнайы шақырамын кім қателеспейді" деген сияқты әңгімелерін айтты. Сондықтан ең бастысы қателесу емес, ең бастысы қайта жол табу. Адаспайық, аман болайық! Міне осындай бір оқиға болып жатыр", — деп сөзін аяқтады Гүлмира Әбіқай.

Түзелгенін, үйленгелі жатқанын Ербол есімді жігіттің өзі де айтты.


"Амансыздар ма, ізгі жақсыларым! Мен көріп тұрғандарыңыздай өзгердім. Қазір тура жолдамын, 5 уақыт намаздамын. Алла қаласа келесі айда отбасн құрамын", — деді Ербол.

 

 

Соңғы жаңалықтар