Жарияланды: 900

«Зина» есімін ауыстыру керек пе?

«Зина» есімін ауыстыру керек пе?

«Зина» есімін ауыстыру керек пе?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы islam.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Зина» есімі араб тілінен аударғанда «әшекей», «зейнет бұйымдары», «сән» деген мағыналарды білдіреді. Құран Кәрімде «Мал-дүние мен балалар – өмірдің зейнеті (сәні)» деген аят бар[1]. Осы аяттың арапшасында «зинатун» сөзі қолданылған. Ол сөз араб тілінің ерекшелігіне сай жеке айтылған кезде соңгы «т» дыбысы дыбысталмай, жай ғана «зина» деп айтылады. Қазақ халқында да соған сай «Зина» немесе «Зине» делінген[2].

Демек, Зина (немесе Зине) есімінің мағынасы жақсы. Сол себепті, ауыстырудың қажеті шамалы. Оны күнәлардың бірі саналатын «зина» әрекетінің атауымен шатастырмау керек. 


[1] Құран Кәрім, Кәһф сүресі, 46 аят.
[2] Қазақшада "зинет" сөзі әшекей деген ұғымда қолданылады. Әсілінде «Зина» мен «зинет» сөздері бір сөз.  Араб тілінен енген.

Абдусамат Қасым
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін