Злотников сияқтыларға биліктегі ресейшіл азаматтар дем беріп отыр - Әзімбай Ғали - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Злотников сияқтыларға биліктегі ресейшіл азаматтар дем беріп отыр - Әзімбай Ғали

Злотников сияқтыларға биліктегі ресейшіл азаматтар дем беріп отыр - Әзімбай Ғали

Заңгер Сергей Злотников ұлт мәселесін, тіл тағдырын терең қозғап жүрген Әзімбай Ғалиды ұлтаралық араздықты қоздырушы ретінде сотқа беруге болады деп БАҚ беттерінде мәлімдеді. Оған белгілі саясаттанушының Өзбекстан жайлы, қарақалпақ ұлты туралы және Ресей жөнінде айтқан пікірлері ұнамай қалған көрінеді.

  • 15 Тамыз 2017
  • 684
Фото - Caravan.kz

Өзіне шүйліккендерге қатысты саясаттанушының қандай пікірде екенін және нендей қадамдар жасамақ ниетін білу үшін Caravan.kz медиа-порталының тілшісі Әзімбай Ғали мырзамен тілдесіп көрді.

— Сергей Злотниковтың сізді ұлтшылдығы үшін сотқа беруге болады дегені белгілі. Осыған орай нендей әрекет етіп жатырсыз?

— Әзірге үш мемлекетің елшісіне хат жаздым. Яғни «мыналар маған тисіп жатыр, оның дирижеры биліктегі антисемитизм мен қазаққа қарсы ресейшіл адамдар" деп. 

— Қандай мемлекеттердің елшілеріне хат жаздыңыз?

— Канада, Ұлыбритания, АҚШ және Германия. Өйткені осы 4 мемлекет антисемитизмге қарсы. Ресейдің өзінше ұлтшыл, империяшыл, антисемит Гумилев деген ойшылы болған. Соның атын бұлар университетке берді. Ал батыста Гумилевтың барлық кітаптарын жиып, өртеп жіберген. Өйткені Гумилев расист деп есептеледі. Содан кейін негізгі идеясы ол еуразияның интерпритация. Нұрекеңнің концепцисы толық еуразиялық емес, бірақ Ресейдің еуразиялығы осы Гумилевқа негізделеді. Ол империяшыл. Онда түркілер славяндардың көмекшісі есебінде. Ал мен егемен Қазақстанда Ресейдің бағынышты, жалынышты елі болғым келмейді.

— Злотниковтың сізге аяқ асты шүйлігуінде не сыр жатыр?

— Мен Өзбекстандағы Каримовты сынағамын. Оны қазіргі президенті Мирзиёев те реформа жүргізбеді деп сынап жатыр. Сөйтсем оны қазекемдер жақтырмай қалыпты. Олар Каримовты жақсы көреді екен. Шын мәнінде ол Өзбекстанды тығырыққа тіреді. Қазір Қазақстанның ішкі жалпы өнімі олардан 4,2 пайыз артық. Ал тоқсаныншы жылдары біз кем болатынбыз. Яғни біз реформа жасадық, олар жасаған жоқ. Олар экстремизммен, сақалдылармен күресеміз деп артта қалды. Сосын Каримов көрші елдерде сепаратизм отын жаққысы келді. Қырғызстанда екі мәрте көтеріліс жасап, жеңілді. Тәжікстанда да бүлік ұйымдастырып, Ленинабад облысын басып алды. Бірақ ондағы Ресей әскерінің араласуымен тәжіктер оларды қуып шықты. Қырғызстан мен Тәжікстаннан қашқан өзбектер өз елінде қарсы алады деп ойлады. Бірақ олай болмай шықты. Ақыры қару ұстап үйренген олардың біразі жергілікті радикалдарға кеткен. Сөйтіп өзге елде сепаратизмды қолдаған Каримов өз еліне проблема тауып берді. Осы жазғандарым Злотниковке ұнамай қалып, орысқа қарсы шықтың депті.

— Жалпы осы уақытқа дейін сотқа сізге қатысты қанша мәрте арыз түсті немесе сіз сотқа жүгіндіңіз?

— Қазір мен басқа мәселемен сотқа жүгініп жүрмін. Ал жалпы маған бірнеше адам сотқа беремін деп қоқан лоқы жасаған. Бірақ ақыр аяғында берген жоқ. Мен тарих ғылымының докторымын. Өзгелердің бізге не үшін тиісетінін білемін және бұларға еш мүмкіндік берген жоқпын. Әйтпесе ешкімнің аяушылық жасайтын түрі жоқ. Ал әкімшілік әрбір қиқуды ұйымдастыруы мүмкін. 1992 жылы «Тәуелсіздік алдық, бірақ билікке орысшылдар келді» деп мақала жаздым, бірақ өзім сол тұста «әй білмей жаздым-ау» деп ойладым. Нұрекең өзі орысшыл емес, бірақ айналасындағылар орысшыл адамдар дедім. Бірақ сол кезде бір қателескенім орысшылдар билігі ұзаққа созылмайды деген едім. Сөйтсем егемендікке 25 жыл болды, ал билікте әлі орысшылдар отыр. 

— Бұдан кейін де тіл туралы мақалалар мен ұлттың намысын қорғайтын постар жазуды жалғастыра бересіз бе?

— Әрине, Тәуелсіздік алғалы ұлтқа қатысты мақалалар жаза бастадым. Берген сұхбаттар мен мақалаларымның көптігі сонша санын айтуға ұяламын. Ендігі біздегі басты проблема ол мемлекеттік тілдің Конституциядағы статусын жүзеге асыру. Бұған қоса бізде орыс ұлты 19 пайыз ғана, бірақ орыс тілі басым.

Бірде ұлттық кітапханада бір қыз тамақ сатып алайын десе буфеттегі орыс сатушы алдымен орысша үйрен сосын тамақ беремін депті. Сол үшін мен мақала жаздым. Тағы бірде планшетім жоғалып полицияға қазақша арыз жазсам қазақша емес, орысша жаз, әйтпесе қабылдамаймын дейді. Егер де мен кісі өлтіріп жатыр деп Әуезов аудандық ІІБ-ге қазақша айтсам да қабылдамайтын түрі бар. Мен ол туралы да мақала жаздым. Бізде жағдай осылай деп. Оның не кемшілігі бар.

— Елішіліктерге жазған хаттың нәтижесі қандай болуы мүмкін?

— Жалпы қазір ресейшілдік батыста үлкен зауал. Олар мені отырғызамыз дейді. Отырғызса тіпті жақсы. Магнитсий Акты деген бар. 64 тегі шалдың ғұмырын аямай-ақ қойыңдар. Қанша отырсам оларға соншалықты проблема. Олар шетінен шетелге бара алмай қалады. Олар балаларын шетелде оқыта алмай қалады.

— Не себепті?

Батыстағылар Магнитский Акты бойынша тізім ашуы мүмкін. Яғни орысшылық пен антисемитзм үшін. Оларға Қазақстанға Магнитсий Акты бойынша бірнеше шектеу қойылған. Тура сондай жағдайлар болып қалуы мүмкін.

— Жалпы соңғы кездері осындай Злотников секілділердің өре түрегелуі нені білдіреді? Таразы басының қазақ жағына ауып бара жатқаны шымбайына батқаны ма?

— 2016 жылы шерулер болды. Оны аграрлық деп атады. Ауылдағы қазақтардың жерлерін Агоркорпорация тартып алды деген сияқты. Ол рас. Бірақ ол бір-ақ себеп. Екінші себеп- қазақ ұлт мәселесіне наразы, тіл мәселесіне наразы. Президент әкімшілігіндегілердің ең кемінде 80 пайызы тарих, саясаттану ғылымының кандидаттары. Бірақ, олар мына жағымсыз үрдістерді көру керек қой, болжау керек емес пе. Әсіре ресейшілдіктің зауалы қатты. Ертең батыс Ресейге тым жақын жүрсіңдер деп бізге де салып жіберуі мүмкін санкцияны. Мемлекеттік тілдің жүрмей жатқанына наразылық күйшейіп келе жатыр, соны неге байқамайды. Өйткені билік өздері дирежер болып отыр. Ана Галихин мен Майлыбаев деген жігіттерді қуды, ол дұрыс. (Президент әкімшілігі) Олар өз пиғылдарын ашық көрсетті. Енді жұмсақтары, орташалары қалды. Бір сөзбен айтсақ олар «кім Ресейдің ең жақсы құлдары» дегенге таласты. Ең қатты кеттендерін қуды да, енді өздері сүйікті құлдары болып қалды. Мен мемлекетке де, Елбасыға да қарсы емеспін. Тек мемлекеттік тіл тұрғысынан келгенде кейбір шенеуніктерге қарсымын.

Соңғы жаңалықтар