"Зорлады": Әлемге әйгілі Роналду кімді зорлаған? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зорлады": Әлемге әйгілі Роналду кімді зорлаған?

"Зорлады": Әлемге әйгілі Роналду кімді зорлаған?

Адвокат Лесли Стовалл америкалық Кэтрин Майорга "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан зардап шеккен жалғыз әйел емесін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.

  • 8 Қазан 2018
  • 79
Фото - Caravan.kz

"Осындай жағдайға түскенін айтып, қоңырау шалған тағы бір әйел бар", — дейді Стовалл. Адвокат зардап шеккен екінші әйелдің атын айтпады. Алайда ол әйел футболшыдан зорлық көргені туралы Лас-Вегас полициясына ақпарат беретінін айтты.

28 қыркүйекте Майорга алғаш рет ресми түрде Роналдуды айыптады. Бұл оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған-мыс. Әйелдің айтуынша, спортшы кейін оған өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген.

Роналду бұл айыптауларды мойындамады және онымен соттаспақ. Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды.


 

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz