Жарияланды: 30

"Зорлады деп айыптаймын": Атырауда қыз жігіттен ақша бопсалаған

"Зорлады деп айыптаймын": Атырауда қыз жігіттен ақша бопсалаған

Жас жігіттің айтуынша, ол қызды жақсы таниды, екеуі бір қызметте әріптес болған, өзінің ата-анасымен де таныстырған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атыраудың 21 жастағы тұрғыны 18 жастағы жігіттен бірнеше рет ақша бопсалаған. Егер бермесе, зорлады деп полицияға арыз жазатынын айтқан.

Қыз алдымен жігіттен 2 миллион теңге алса, кейін тағы 1,5 миллион теңге талап еткен.

Жас жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұрады.

Оның айтуынша, осы уақыт бойы қыз оны бопсалап келген, зорлады деп айыптаймын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екіжақты келісіммен болғанын айтып отыр. Олар тіпті бір жерде жұмыс істеген.

Жігіттің сөзінше, ол қызды жақсы таниды, ата-анасымен де таныстырған.

Атырау облысының экстремизммен күрес басқармасы күдіктіні 500 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады.

Тергеу барысында қыз декструктивті діни сектаның мүшесі болғаны анықталды.

Қазір 21 жастағы күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл не төрт жылға дейiн бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ қыздың басқа да бопсалау фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін