Зорланғаны анықталды: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зорланғаны анықталды: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды

Зорланғаны анықталды: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды

Жоғалған қыз жертөледе табылды. Жанында ер адам болған. Ол қызды зорлады деген күдікке ілініп отыр

  • 10 Наурыз 2020
  • 196
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында жеті жасар қызды ұрлап, зорлады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

inAlmaty.kz ақпаратына сәйкес, оқушы 7 наурыз күні кешке жоғалған. Талдыбұлақ ауылының тұрғыны 2012 жылы туған баланың жоғалғаны туралы хабар берді. Полицейлер жедел-іздеу шарасына кірісті. Қыз жертөледен табылды.

"Ауылдағы ғимараттың жертөлесінде із-түссіз жоғалған бала табылды. 1990 жылы туған күдікті де сол жерде ұсталды", — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігіне сәйкес (кәмелетке толмаған адамды зорлау) іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.


"НеМолчиKZ" қоғамдық қозғалысының ақпараты бойынша Қазақстанда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында әйелдерге қатысты 799 зорлық фактісі тіркелген. 2018 жылы қылмыстық кодекстің 120,121-ші баптары бойынша 1 322 арыз түсті. Оның 231-і бала. Бұл арыздардың тек 454-і ғана сотқа жіберілді.

 

Соңғы жаңалықтар