Зорлықпен өлтірілген 27 жастағы жігіттің мүрдесі табылды - Ақмола - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зорлықпен өлтірілген 27 жастағы жігіттің мүрдесі табылды - Ақмола

Зорлықпен өлтірілген 27 жастағы жігіттің мүрдесі табылды - Ақмола

Ақмола облысының Шортанды ауданында зорлықпен өлтірілген 27 жасар жігіттің денесі табылды.

  • 6 Қараша 2014
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Келеңсіз жағдай Шортанды кентіндегі жеке меншік үйлердің бірінде орын алған. Қазанның 5-і күні түн ортасы ауған 04:22 минут шамасында Астана қаласында кондитер болып жұмыс істейтін Н.Ницевичтің үйі өртке оранғаны туралы хабар келген.

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер үй ішінен зорлықпен өлтірілген 1987 жылғы жігіттің денесін тапты.


Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.