Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ: Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасайтынын мәлімдеді.

  • 11 Тамыз 2019
  • 65
Фото - Caravan.kz

Жолдаудың қандай тақырыптарға арналатынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2 қыркүйекке жоспарланған халыққа жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі», — деді президент. 

Естеріңізге сала кетсек, жолаушыны зорлаған Тальго жолсеріктерінің оқиғасы Қазақстан қоғамында резонанс тудырған болатын. Себебі, оларды судья 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстанда 800 әйелдің зорланғаны белгілі болды. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да зорлық-зомбылықты ауыр қылмыс деп тануды сұрады.