Алматыда бес күн бойы қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бес күн бойы қар жауады

Алматыда бес күн бойы қар жауады

Алматы тұрғындарының автокөлік дөңгелектерін айырбастап, қозғалыс маршрутын алдын ала белгілегендері жөн. Сонымен қатар коммуналдық қызмет жұмысына кедергі келтірмеу үшін жолдың шетіне көлік қойылмауы тиіс.

  • 16 Қараша 2016
  • 697
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik-ке сілтеме жасап Стан.кз хабарлайды.

Алматы қаласы әкімшілігі үзіліспен бес тәулік бойына қар жауатынын ескерте отырып, қала тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына орай көлікпен жүретін бағыттарын алдын — ала анықтап алуға әрі таңертеңгісін жұмысқа қоғамдық көлікпен уақтылы келуге шақырады.

“Қала жолдарында жылдамдық кестесін сақтауды, қар тазалайтын техникалардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін автокөліктерді жол жиектеріне қалдырмауды сұраймыз. Көлік жүргізушілері қысқы дөңгелектерді айырбастауға айрықша мән берулері тиіс” деп атап өтті әкімшілікте.

Сонымен қатар, қала әкімшілігі қалың қардан электр желілерінің зақымдануы, ағаштардың сынуы, жол-көлік оқиғаларының жиі болуы мүмкіндігін ескертті. “Алматы қаласының коммуналды қызметі барынша жауапкершілікпен жұмыс істейтін болады. Қала көшелерін жауған қар мен қатқан мұздан 1600 жұмысшылар мен 763 арнайы техника бірлігі тазалайды. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылады”, — деп мәлімдеді әкімшілікте.


Соңғы жаңалықтар