Мемлекетке 64 млн. теңге шығын келтірген шенеунік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетке 64 млн. теңге шығын келтірген шенеунік ұсталды

Мемлекетке 64 млн. теңге шығын келтірген шенеунік ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті Қызылорда қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы бастығының орынбасары Қ.Әбдіреевті ұстады.

  • 16 Тамыз 2016
  • 571
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Келешек-Б» ЖШС-ның директоры Ж.Қожантаевамен, «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-ның директоры К.Төлегеновамен және азаматша Р.Байсақаловамен алдын ала сөз байласып, орындалмаған жұмыстардың есеп-шот фактураларын жасаған. Осылайша, Қ.Әбдіреев мемлекетке салық төлемеу түрінде 64 млн. теңге шығын әкелген.

Мұнан бөлек, ол «Келешек-Б» ЖШС-ының салық төлеуден жалтаруына, ал «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-інің қызметіне заңсыз қамқорлық көрсету үшін 300 мың теңге пара алған.


Қ.Әбдіреев өз кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар