«Доктор Гаст Қазақстанға мемлекеттік хатшының мұхиттар бюросы, халықаралық қоршаған орта және ғылым істері жөніндегі көмекшісі доктор Кэрри-Энн Джонстың сапарын жалғастыру үшін келеді. Оның сапарының мақсаты – ғылым саласындағы екіжақты қатынастарды талқылау, осы саладағы ынтымақтастықты нығайту», — делінген елшіліктің бейсенбі күні таратқан ақпаратында.
20 маусымда доктор Гаст Алматыда Қазақ ұлттық техникалық университетінде, 23 маусымда Астанада Еуразия ұлттық университетінде кездесулер өткізеді.
Елшіліктің ақпаратына сәйкес, 2010 жылы АҚШ мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон доктор Гасты ғылым мәселелері жөніндегі елшісі қызметіне тағайындады. АҚШ-тың ғылым мәселелері жөніндегі елшісінің бағдарламасы Обама әкімшілігінің жаһандық деңгейде ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты қолдайтынын білдіретін басты элемент болып табылады. Президент Обама бұл бағдарлама туралы 2009жылы Каирде жариялаған. Осы бағдарламаның аясында доктор Гаст Кавказ бен Орталық Азия елдерін аралайды.
Сондай-ақ, д-р Гаст Американың өнер және ғылым академиясының және Ұлттық инженерлік академияның мүшесі болып табылады.