Волейбол: төртінші турда хромтаулықтар жеңіліссіз келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: төртінші турда хромтаулықтар жеңіліссіз келеді

Волейбол: төртінші турда хромтаулықтар жеңіліссіз келеді

Оралда өтіп жатқан волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасындағы ХХ ел біріншілігінің төртінші турында Хромтаудың «ТНК «Казхром» командасы жеңіліссіз келеді.

  • 10 Ақпан 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Олар алғашқы күні «Есілді» ұтса, одан кейін ел чемпионы «Алматыны» тізе бүктірді. Кеше алаң иелері «Конденсаттан» 3:1 есебімен басым түсті. Кеше сондай-ақ «Алматы» Өскеменнің «Шығысын» дәл осындай есеппен ұтты. Бұл күні аса тартысты ойын «Атырау» мен «Есілдің» арасында болды. 2:1 есебімен алға шыққан петропавлдықтардың төртінші партияда жеңетіндей толық мүмкіндігі болды, алайда соны пайдалана алмады. Ақыры есеп 3:2 болып, жеңіс атыраулықтардың еншісінде кетті.

10 ақпан күні командалар демалады.

11-12 ақпан күндері ойындар қайта жалғасып, төртінші тур мәреге жетеді.