Қазақстандық теннисші Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Словенияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

  • 31 Тамыз
  • 1
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны – 3:0, үндістандық Каавья Саринді – 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді – 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді – 3:0, Ника Грегурецті – 3:0 және Петра Липовшчакты – 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.