Қазір турнир кестесінде 3 турдың қорытындысы бойынша 54 ұпаймен Алматы облысының «Жетісу» командасы көш бастап тұр. Жетісулықтардан 15 ұпайға қалып қойған астаналықтар екінші, 32 ұпаймен Павлодар облсының «Ертіс-Қазхромы» үшінші орында келе жатыр. Ал қарағандылықтардың қоржынынында — 25, алматылықтарда — 20, теміртаулықтарда («Металлург АМТ») — 13, өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 6 ұпай бар.
Төртінші тур «Астана» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Қарағанды» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Металлург АМТ» арасындағы сайыспен басталады. Ал жұпсыз қалған «Жетісудың» өз дайындығын тағы бір күн пысықтауға мүмкіндігі бар. Олар алғашқы ойынын 15-ақпанда теміртаулықтармен өткізбек.