Оған 13 елден келген 50 спортшы қатысқан болатын. Жарыстың алғашқы күні үздік бестікке норвегиялық Микко Кокслиен бірінші, германиялық Бьорн Кирхайзен екінші, жапониялық Акито Ватабе, фраенциялық Джейсон Лами-Шаппьюи мен Максим Лахеурт енді. Кеше Микко Кокслиен тағы да үздік шықты. Одан кейнгі орындарды жапониялық Акито Ватабе, австриялық Бернхард Грубер, германиялық Фабиан Рисле менм франциялық Джейсон Лами-Шаппьюи өзара бөлісті. Ал алғашқы күні 42-орын алған қазақстандық Сергей Шарабаев, кеше командалас серіктері Константин Соколенко мен Владимир Полушинмен бірге екінші жаттығуға қатысқан жоқ. Бұл сында 2010 жыл Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы және 2010/2011 маусымда жалпы есептен үздік шыққан Джейсон Лами-Шаппьюи Әлем кубогының Алматыдағы кезеңінде жарыстың алғашқы күні төртінші, ал екініш күні бесінші орынды қанағат тұтты.