«Тараз» бен «Локомотив» футбол клубы арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тараз» бен «Локомотив» футбол клубы арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

«Тараз» бен «Локомотив» футбол клубы арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген Милош Крушчич жаттықтыратын «Тараз» Пловдив қаласының «Локомотив» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 13 Ақпан 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz

Онда Любко Петрович тізгінін ұстаған болгар аяқдопшылары қазақстандықтардан 1:0 есебімен басым түсті. Тараздықтар өткен маусымда Премьер лигада 9-орын алса, Болгария чемпионатында «А» тобында өнер көрсететін пловдик ойыншылары 5-орын алған болатын. Олар бұған дейін 10-ақпанда Сергей Масленов баптайтын Қостанайдың «Тобылымен» болған жолдастық кездесуде 0:0 боп тарасқан болатын. Ал «Тараз» 8-ақпандағы алғашқы жолдастық кездесуінде Ташкенттің «Пахтакорымен» 0:0 есебін қанағат тұтқан еді. Енді келесі кездесуін 15-ақпанда Ягодина қаласының «Ягодина» клубымен өткізбек. Ягодинаның 1919 жылы негізі қаланған бұл командасы Сербияның Суперлигасында 2010/2011 жылғы маусымда 12-орын алған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера