Сайыс ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, ҚР Қазақ күресі федерациясы, Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шиелі ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді. 7 салмақ дәрежесі бойынша (46, 51, 57, 64, 72, 81, +81келі) жас палуандар белдескен аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 208 спортшы қатысып, бақ сынасты. Салмақ дәрежелері бойынша Райымбек Рантаев (46 кг, Шиелі, Қызылорда облысы), Қасымхан Төленбай (51 кг, Оңтүстік Қазақстан облысы), Дәулет Қасымбекұлы (57 кг, Оңтүстік Қазақстан облысы), Данияр Темірханов (64 кг, Ақмола облысы), Бекболат Әбдіғазиев (72 кг, Жамбыл облысы), Елман Қайшыбаев (81 кг, Ақтөбе облысы, Абдулла Ибадулла (+81 кг, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы) чемпион атанды.