Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Республикалық ашық турнир өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Республикалық ашық турнир өтті

Алматыда қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Республикалық ашық турнир өтті

Алматыда 11-12 ақпан күндері «Темір дос» спорт кешенінде құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан ІІІ Республикалық ашық турнир өтті.

  • 15 Ақпан 2012
  • 507
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі бұл шара биыл Әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановты еске алуға арналды.

«Бүгінгі таңда спорттың бұл түрі күннен-күнге қарқын алып, дамып келе жатқаны қуантарлық жағдай болып отыр. Бұл біздің дұрыс жолмен келе жатқандығымыздың белгісі. Аталмыш турнирге биыл 200 спортшыдан тұратын 34 команда қатысты. Ол қоян-қолтық ұрысының елімізде қаншалықты кең қанат жайып келе жатқандығын көрсете алады», — деді «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Орталық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

Оның айтуынша, бұл шараны «Динамо» ДШСҚ мен ҚР Қоян-қолтық ұрыс федерациясы және Руслан Мұқановтың туған-туыстары бірлесіп ұйымдастырды. Онда командалық есепте №0112 Республикалық ұлан командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-3 орынды ҰҚК-1 және ҚР Ішкі күштері өзара бөлісті. Жарыс кезінде Дене шынықтыру және спорт істері агенттігі төреші нормативін орындағаны үшін Сәкен Әбдіқұлұлы мен Арман Естемесовке жоғары дәрежелі төреші атағы берілді.