Алматылық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 4-турын сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 4-турын сәтті бастады

Алматылық волейболшы қыздар Ұлттық лигадағы ел чемпионатының 4-турын сәтті бастады

Кеше Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасында Ұлттық лигадағы Қазақстан чемпионатының 4-туры басталды.

  • 15 Ақпан 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz


Онда алматылықтар қарағандылықтарды 3:1, ал жарыс қожайындары («Ертіс-Қазхром») теміртаулықтарды («Металлург АМТ») және астаналықтар өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрлыс») 3:0 есебімен ойсырата ұтып, алғашқы 3 ұпайларын қоржындарына салды. Бүгін енді теміртаулықтар қарағандылықтармен, өскемендіктер павлодарлықтармен және алғашқы күні жұпсыз қалған «Жетісу» (Алматы облысы) «Астанамен» күш сынасады. Алматылықтар келесі ойынын ертең «Металург АМТ» командасымен өткізеді. 21-ақпанға дейін созылатын бұл бәсекеде олардың ең соңғы қарсыласы жарыс қожайындарының «Ертіс-Қазхромы» болмақ. Бұл сында алғашқы 3 турда 20 ұпаймен бесінші орында тұрғанн алматылықтар 25 ұпаймен 4-орында келе жатқан қарағандылықтармен арадағы ұпай айырмашылығын қысқарта алды. Қазір «Жетісуда» — 54, «Астанада» — 42, «Ертіс-Қазромда» — 35, «Қарағандыда» — 25, «Алматыда» 23 ұпай бар. Ал көш соңындағы «Металлург АМТ» (13) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (6) әзірге ұпай қорына өзгеріс енгізе алмады.