Олег Флегонтов «Қайрат» футбол клубының спорт директоры боп тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олег Флегонтов «Қайрат» футбол клубының спорт директоры боп тағайындалды

Олег Флегонтов «Қайрат» футбол клубының спорт директоры боп тағайындалды

«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. «Қайрат» футбол клубының Бақылаушылар кеңесінің 13 ақпанда өткен мәжілісінде Ресей ұлттық футбол лигасының спорттық директоры болған Олег Флегонтов алматылық аяқдопшылардың спорттық директоры,

  • 15 Ақпан 2012
  • 424
Фото - Caravan.kz

ал Астана қаласындағы Олимпиадалық дайындық орталығының бастығы Қанат Сыздықұлы Түлеков Бас менеджер боп тағайындалды.

Олег Флегонтов енді «Қайраттың» негізгі құрамынан бастап ең төменгі жасқа дейінгі барлық клубтарының жұмысын басқармақ. Сондай-ақ оның қарамағындағы мекеме іріктеу мен құрамына спорттық талдау, дәрігер және психологтар кіретін кешенді бақылау тобына да жетекшілік жасайтын болады.

Бұл жиында сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубының Бас бапкері Дмитрий Огайдың Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша есебі тыңдалды. Онда команда 18 ойыншымен келісім-шарт жасасқан болатын. Оның 12-сі — қазақстандық, ал алтауы шетелдік легионерлер. Енді 16 ақпан мен 2 наурыз аралығындаығ үшінші жиында команданы жасақтау үдерісі толық аяқталмақ. Онда қарқынды жаттығудан бөлек бірнеше жолдастық кездесулер ұйымдастырылғалы отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера