Астаналық футболшылар Украинаның «Говерла Закарпатье» командасын 2:0 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық футболшылар Украинаның «Говерла Закарпатье» командасын 2:0 есебімен ұтты

Астаналық футболшылар Украинаның «Говерла Закарпатье» командасын 2:0 есебімен ұтты

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» футбол клубы Анталия қаласында 18-19 ақпан күндері украиналық және румыниялық аяқдопшылармен жолдастық кездесу өткізді.

  • 20 Ақпан 2012
  • 420
Фото - Caravan.kz


Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар Украинаның Бірінші лигасында өткен маусымда 6-ншы орын алған Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Ал былтыр Румынияның Екінші дивизионында 9-ыншы орын алған Арад қаласының «УТА» командасымен 0:0 есебімен тарасты. Астаналықтардың келесі кездесуі 21 ақпанға жоспарланып отыр. Клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, әзірге қарсыластың кім болатыны белгісіз. Ужгродтықтар енді 23 ақпанда Алматының «Қайрат» футбол клубымен күш сынаспақ.