Виталий Кличко кәсіби бокстан кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Виталий Кличко кәсіби бокстан кетеді

Виталий Кличко кәсіби бокстан кетеді

Украинаның атақты боксшысы, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Виталий Кличко жуырда спортпен қош айтысатынын мәлім етті, деп хабарлады Utro.ru сайты.

  • 21 Ақпан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Боксшы ең көбі 1-2 жекпе-жек өткізіп, сосын бокстан мүлде кететінін баса айтқан.

Қырықтың қырқасына шыққан чемпион бокстан өзі кеткенмен, інісі Владимирдің рингте оның орнын жоқтатпайтынына сенімді. Естеріңізге сала кетейік, екеуінің жас айырмасы — 5 жас.

Виталий Кличко кәсіби бокс рингінде 45 жекпе-жек өткізіп, 43 рет жеңіске жеткен. Ал оның 40-ында қарсыласын нокаутпен құлатқан. Әуеской бокста 210 рет рингке шығып, тек 15-інде ғана жеңіліс көрген.

Ол бокстан кететіні туралы 2005 жылы ауыр жарақат алған кезде айтқан болатын. Алайда 2008 жылы рингке қайта оралды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера