Допты хоккей: «Ақжайық» қалған ойындарын өз айдынында өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: «Ақжайық» қалған ойындарын өз айдынында өткізеді

Допты хоккей: «Ақжайық» қалған ойындарын өз айдынында өткізеді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсетіп жүрген Оралдың «Ақжайығы» биылғы маусымдағы қалған ойындарын өз айдынында өткізеді.

  • 21 Ақпан 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

22-23 ақпанда оралдықтар Самараның ЦСК ВВС командасын қабылдаса, содан кейін 25-26 ақпанда «Динамо-Қазан-2» клубымен маусымды қорытындылайды.

Осыған дейін «Ақжайық» сырт айдында ойнады. 15-16 ақпанда Саратовта жергілікті «Универсалдан» 1:4 және 3:4 есебімен ұтылса, одан кейін Самарада ұпай олжалады. Мұнда 18 ақпанда ЦСК ВВС командасын 4:1 есебімен ұтса, кеше 5:9 есебімен жеңіліс тапты. «Ақжайық» 13 ұпаймен өз тобында жеті команданың ішінде бұрынғысынша алтыншы орында келеді.