Футболдан Қаскелеңнің «Сұңқары» Сербияның «Новый Пазарын» 1:0 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қаскелеңнің «Сұңқары» Сербияның «Новый Пазарын» 1:0 есебімен ұтты

Футболдан Қаскелеңнің «Сұңқары» Сербияның «Новый Пазарын» 1:0 есебімен ұтты

Түркияда соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қаскелең қаласының «Сұңқар» футбол клубы Сербияның Новый Пазар қаласының «Новый Пазар» клубымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 21 Ақпан 2012
  • 389
Фото - Caravan.kz

Онда Алмас Құлшынбаев жаттықтыратын қаскелеңдіктер Сербия чемпионатында қазір 16 команданың арасында 15 матчтың қорытындысы бойынша 14-орында келе жатыр.

Қаскелеңдіктер оның алдында Ресейдің Бірінші дивизионында өнер көрсететін Астрахань қаласының «Волгарь-Газпром» командасынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Құрамында қазақстандық қақпашы Константин Ледовских пен шабуылшы Роман Узденов өнер көрсететін бұл команда биыл Премьер-лигаға жолдама алуды алдына басты мақсат етіп қойып отыр. 2009/2010 жылы 9-орын алған олар, 2011/2012 жылғы маусымының алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 12-орында келе жатыр. Ал қаскелеңдіктер биыл тұңғыш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетпек.