Алматылық волейболшылар қарағандылықтармен ұпай айырмашылығын қысқарта алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшылар қарағандылықтармен ұпай айырмашылығын қысқарта алды

Алматылық волейболшылар қарағандылықтармен ұпай айырмашылығын қысқарта алды

Павлодарда 14-21 ақпан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-туры өтті.

  • 22 Ақпан 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

Онда Алматы облысының «Жетісу» командасы ең жоғары ұпай қорын жинап, 72 ұпаймен турнир кестесінде өзгелерден айтарлықтай ұзап кетті. Одан кейінгі орында 51 ұпаймен «Астана» және 44 ұпаймен «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) командалары келе жатыр. Ал «Қарағандыда» — 33, «Алматыда» — 30, «Металург АМТ-да» (Теміртау) — 16, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» (Өскемен) — 6 ұпай бар.

Алматылықтар бұл турда қарағандылықтармен арадағы айырмашылығын 5-тен 3-ке дейін қысқартса, өскемендіктер өз қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмады. Алматылықтар 4-турдың алғашқы кездесуінде қарағандылықтарды 3:1 есебімен ұтып, турнир кестесіндегі алғашқы үштіктегі қарсыластарына ғана есе жіберді. Қарағандылықтар болса астаналықтарды 3:2, ал павлодарлықтарды 3:1 есебімен ұтты. Енді наурыз айында 5-тур ойындары Қарағанды қаласында өтетінін ескерсек, алматылықтарға оларды қуып жету оңай болмасы анық.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера