Волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтіп жатыр

Волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтіп жатыр

Алматыда волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында жарыс қожайындарының

  • 24 Ақпан 2012
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Ұшқын-ҚазҰАУ» командасы жеңіліссіз келе жатыр. 21 ақпанда басталған жарыста олар Павлодардың «Ертіс АҚ АО» (3:0), Атыраудың «Атырау-2» (3:1), Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» (3:2) командаларын ұтты. Ертең Шығыс Қазақстан облысының спортшыларымен күш сынасады. «Семейліктер» бұған дейін атыраулықтар мен қызылжарлықтардан («Есіл-Виктория») 3:0, ал шымкенттіктерден 3:1 есебімен басым түскен болатын. 28 ақпанға дейін созылатын бұл жарыста алматылықтар одан кейін «Есіл-Виктория», «Жайық-Конденсат» (Орал), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен) командаларымен шеберлік байқасады.

Жалпы Жоғарғы лигағадағы 12 команда алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша екі топқа бөлінген болатын. Онда алғашқы алтылыққа кіргендер бір топқа, ал 7-12 орын алғандар екінші топқа жіктелген еді. Алматыдағы 3-турдың бұл ойындары екінші топтағылар арасында өтуде.