Джурджу қаласының бұл командасы 2011/12 жылы Румыния чемпионатының Екінші дивизионында 8-орында келе жатыр. Владимир Глевич жаттықтыратын астаналықтар бұл ойында қарсыластарынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Бұған дейін негізгі құраманың Бас бапкері Олег Протасов ұлттық құрамадан шақырту алған 10 футболшының орнын қосалқы құрамдағы 10 ойыншымен толықтырған еді. Ол аталмыш ойынға өз ықпалын тигізді. Жалпы бұл қосалқы құрамның осы жиындағы 3-ші жолдастық кездесуі болып отыр. Олар 21 ақпанда Сенегал, Нигерия және Гананың 20-25 жастағы құрама комадасымен кездескен болатын. Онда Африка футболшыларынан 1:3 есебімен жеңіліс тапқан еді. Келесі жолдастық кездесуін олар енді 26 ақпанға жоспарлап отыр. В. Глевич шәкірттерінің жаттығу жиыны 14 ақпанда басталған еді, ол 29 ақпанға дейін созылмақ.