Алматылық қыздар тараздық баскетболшы құрбыларын 84:50 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық қыздар тараздық баскетболшы құрбыларын 84:50 есебімен ұтты

Алматылық қыздар тараздық баскетболшы құрбыларын 84:50 есебімен ұтты

Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатыны аясында «Алматы» мен «Тараз» командалары кездесті.

  • 2 Наурыз 2012
  • 424
Фото - Caravan.kz


Аға бапкер Оксана Антипова мен Оксана Бекбулатова жаттықтыратын алматылықтар қарсыластарын 84:50 есебімен ұтты. Кездесудың бірінші кезеңі 16:16 боп аяқталған. Олар екінші кезеңде 22:6, үшінші кезеңде 20:18, төртінші кезеңде 26:10 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл 7-жеңіс. Алматылықтар бұған дейін 6 ойында басым түсіп, 14 кездесуде жеңіліс тапқан еді. Ал бұл жолғы қарсыласы осымен 19-рет қарсыластарының басымдығын мойындап отыр.