Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуі 0:0 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуі 0:0 есебімен аяқталды

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуі 0:0 есебімен аяқталды

Кеше Түркияның Белек қаласында футболдан Қазақстан мен Беларусь елдерінің 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары жолдастық кездесу өткізді.

  • 2 Наурыз 2012
  • 312
Фото - Caravan.kz

Онда Слободан Крчмаревич жаттықтыратын қазақстандықтар Швецияның «Фрей Таби» командасында өнер көрсететін Филипп Войтехович қорғаған қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады. Бұған дейін 29-тамызда Анталияда Мирослав Беранек баптайтын ересектер арасындағы ұлттық құрама да Латвиямен 0:0 есебін қанағат тұтқан болатын.

Бұл ойында С. Крчмаревич ел намысын қорғауды қақпашылардан -«шахтерлік» Сергей Ткачукке, қорғаушылардан — «астаналық» Абзал Бейсебеков, Дамир Дәуітов, Евгений Горячий, «ертістік» Дмитрий Шомко, «қайраттық» Нұржарық Құнов, жартылай қорғаушылардан — «қайсарлық» Асхат Тағыберген, «астаналық» Исламбек Қуат, «оқжетпестік» Хасан Әбдікәрімов, шабуылшылардан — «шахтерлік» Сергей Хижниченко, Станислав Лунин, «астаналық» Денис Прокопенко, «тобылдық» Бауыржан Жолшиев, «ақтөбелік» Сергей Лисенков пен «жетісулық» Алексей Щеткинге сеніп тапсырған болатын.