Бокс: «Астана арландары» «Мехико сарбаздарын» жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокс: «Астана арландары» «Мехико сарбаздарын» жеңді

Бокс: «Астана арландары» «Мехико сарбаздарын» жеңді

Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» «Мехико сарбаздары» боксшыларын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

  • 3 Наурыз 2012
  • 430
Фото - Caravan.kz


Алғашқы жекпе-жекті 54 салмақ дәрежесіндегі арландық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен мексикандық Элиас Эмигдио бастады. Бұл кездесу біз үшін сәтсіз аяқталды. Есеп 0:1. Бірақ екінші жекпе-жекте есеп таразысы теңесті: Мерей Акшалов өз қарсыласы Анхель Гутьерресті жеңді. Осыдан кейін, 73 келі салмақтағы арландық Рустам Сваев мексикандық сарбаз Дмитрий Митрофановқа есе жіберіп, қонақтар қайтадан алға шықты. Дегенмен, төртінші жекпе-жекте біздің легионер Рамжон Ахмедов «Мехико сарбаздары» құрамасының мақтанышы Кеннеди Катендені ойсырата ұтты. Есеп 2:2. Бесінші жекпе-жек болған жоқ. Себебі біздің нокаутшы — Руслан Мырсатаевтың қарсыласы Омар Гарсиа жарақатқа байланысты Астанаға келе алмады. Сөйтіп, «Астана арландары» тағы бір ұпайға ие болып, 3:2 есебімен «Мехико сарбаздары» командасынан басым түсті.