Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр

Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-туры өтіп жатыр

Кеше Қарағандыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-туры басталды.

  • 7 Наурыз 2012
  • 617
Фото - Caravan.kz

Алғашқы ойында «астаналықтар» өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»), павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:0 есебімен ұтты. Ал «қарағандылықтар» «алматылықтармен» ұпай бөлісті (3:2).

Бүгін ел чемпионатында көш бастап келе жатқан Алматы облысының «Жетісуы» 1-кездесуін астаналықтармен өткізеді. Ал өскемендіктер павлодарлық, теміртаулықтар қарағандылық волейболшылармен шеберлік байқасады.

Өткен 4 турда «Жетісу» — 54, «Астана» — 39, Ертіс-Қазхром» — 32, «Қарағанды» — 20, «Алматы» — 13, «Метауллург АМТ» — 13, «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» — 6 ұпай жинаған еді. Өзгелерден айтарлықтай ұзап кеткен жетісулықтар енді ешкімге қарасын көрсетпейтіне еш күмән жоқ. Ал 2-3 орынға таласатын командаларда әлі мүмкіндік бар.