Кеше алғашқы ойында хромтаулықтар («ТНК «Қазхром») қызылжарлықтарды («Есіл») 3:0, алматылықтар оралдықтарды («Конденсат») 3:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал өскемендіктер атыраулықтармен ұпай бөлісті (3:2). Бүгін енді «Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Конденсат» пен «Атырау» кездеседі.
Алғашқы 4 турда алматылықтар — 53, хромтаулықтар — 46, өскемендіктер — 27, атыраулықтар — 23, қызылжарлықтар — 17, оралдықтар 14 ұпай жинаған еді. Ал әйелдер командалары арасында алматылықтар бесінші орында келе жатыр. Онда Алматы облысының «Жетісу» командасында — 54, «Астанада» — 39, Ертіс-Қазхромда» — 32 (Павлодар), «Қарағандыда» — 20, «Алматыда» — 13, ал теміртаулықтарда («Металлург АМТ») — 13, өскемендіктерде («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») — 6 ұпай бар.