Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында «жетісулық» волейболшылар өз шеберліктеріне тәнті етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында «жетісулық» волейболшылар өз шеберліктеріне тәнті етуде

Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында «жетісулық» волейболшылар өз шеберліктеріне тәнті етуде

Волейболдан Қарағандыда өтіп жатқан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 5-турын Алматы облысының спортшылары аса сәтті бастады.

  • 9 Наурыз 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Жарыстың алғашқы күні жұпсыз қалған олар кеше турнир кестесінде 2-орында келе жатқан астаналықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін енді үздік үштікті түйіндеп тұрған «Ертіс-Қазхром» командасымен кездеседі. Ал 6-сатыда тұрған теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:0 етіп ұтқан павлодарлықтар, кеше көш соңында келе жатқан өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:2 етіп жеңгенімен қарсыласына 1 ұпай беріп қойды.

Бүгін енді алматылықтар теміртаулықтармен екінші ойынын, ал қарағандылықтар өскемендіктермен үшінші кездесуін өткізеді. Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша өз қоржынына «Қарағанды» мен «Ертіс-Қазхром» — 5, «Жетісу» мен «Астана» — 3 , «Алматы» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 1 , ал «Метталург АМТ» бірде-бір ұпай қоса алмады.