Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында алматылықтар тізгінді ешкімге берер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында алматылықтар тізгінді ешкімге берер емес

Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының 5-турында алматылықтар тізгінді ешкімге берер емес

Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-туры өтуде.

  • 9 Наурыз 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша өз қоржынына «Алматы» — 5, «Атырау», «ТНК Қазхром» (Хромтау) және «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) — 4, «Есіл» (Қызылжар) — 1 ұпай салса, «Конденсат» (Орал) бірде-бір ұпайға ие бола алмады.

Бүгін алматылықтар — өскемендік, хромтаулықтар — оралдық, атыраулықтар қызылжарлық волейболшылармен кездеседі. Чемпионаттың алғашқы 4 турында «Алматы» — 53, «ТНК Қазхром» — 46, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 27, «Атырау» — 23, «Есіл» — 17, «Конденсат» 14 ұпай жинаған еді. Турнир кестесінің екінші жартысындағылардан атыраулықтар ғана үшінші орын үшін өскемендіктермен таласуға мүмкіндігі бар. Ал алматылықтарды енді хромтаулықтардың қуып жетуі неғайбіл.